blog Images

«Сүйінғара батыр» мешіті:Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің имамы Қалыбаев Есбол Ұлы Отан соғысы кезінде Тылда еңбек еткен ардагер Шәудірбай ақсақалдың арнайы үйіне барып сый құрмет көрсетті.

Сұрапыл соғыс жылдары майдандағы ерендерімізбен қатар  тыл еңбеккерлері  де барын салғаны белгілі.Мешіт имамы Қалыбаев Есбол  Жетібай ауылындағы жалғыз ардагерімізге денсаулық, игі жақсылық  тілеп,қазақи дәстүрмен шапан жауып жеміс-жидек себетін тарту етті.Сонымен бірге елімізде тыныштық, берке-бірлік, ынтымақ орнасын және қазақтың бейбітшілікке толы ғұмыры  тұғырлы болсын  деген ниетпен құран  оқылып, бата жасалды.