Баянды ауылының имамы рухани кездесуге қатысты
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлы, Ақтау қалалық әкімшілігімен біргелікте «Жанұя» қоғамдық қорынының ұйымдастыруымен Аналар күнінің құрметіне өткен «Ұрпаққа ұлағат үлкеннен» атты дөңгелек үстелде баяндама жасады.
Жиында көп балалы Аналар қатысып,өз ойларымен ақыл-кеңестерімен бөлісті.Аналар күнінің құрметіне өткен кездесуде Саламат Түгелбайұлы аналарға жылы лебіз танытып, олардың мәртебесін асқақтатуды өзгелерден гөрі өзіміз істеуіміз керек екендігін түсіндіріп,дінімізде да ана орнының өте жоғары екенін айтып,анааларды құрметтеуге шақырды.