blog Images

«Шетпе»мешіті:Мәдениет үйі ұжымымен кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында «Шетпе» мешітінің имамы Дархан Таушанов  Маңғыстау аудандық орталық мәдениет үйі ұжымымен  кездесу өткізді.

Маңғыстау аудандық мәдениет үйі азаматтарына жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан шара барысында «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларыммен бөлісті. Дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.