Бас имам рухани жыр кешінің қонағы болды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам»бағыты аясында М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Бұл дүниенің баяны» атты алғаш рет рухани жыр кеші өтті.
Бұл кеште Маңғыстау ақын-жырауларының, күйші-домбырашылардың, қайқыларымыздың әуен-саздары мен жақұт жырлары орындалды.Сондай-ақ рухани жыр кеште облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы арнайы қонақта болды.Облыс бас имамы өз сөзінде:«Әлмисақтан мұсылман болған қазақ халқы да әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген.Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпаған халықтың болашағы зор болмақ«-деді.
Осындай дәстүрді дәріптеу мақсатында рухани кештер ұйымдастырылып отырса деген ұсынысын білдіріп,әншілік-жыршылық саңлақтарына ізгі тілегін білдірді.