БАС ИМАМ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
1 -мамыр-Қазақстан бірлігі күні және су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін үйлестіруге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік,тасқын судың салдарынан табиғи апаттан зардап шеккен Атыраулық эвакуацияланған азаматшаларға Маңғыстау облысының өкілдігі алғаш болып көмек көрсетіп, медресеге орналастырып үш мезгіл ас сумен қамтамасыз етілген болатын.
«Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шекті, мыңдаған отбасы баспанасыз қалды.Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар жылы орындарға орналастырылып,ыстық тамақ,киім-кешекпен қамтамасыз етілді.Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!Бұл алғыс хатты облысқа қарасты мешіт қызметкерлеріне берілген алғыс хаты деп есептейміз»,деді-облыс бас имамы.