«Әбіш қожа» мешіті:»Бала тәрбиесі — бір өнер» атты семинар-тренинг өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы » жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде лектор,
Оқушылар шығармашылық үйінің педагогы Ерлан Калиев әйел жамағатына «Бала тәрбиесі — бір өнер» атты тәрбиелік семинар-тренинг өткізді.
«Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер.Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі болмақ.