Маңғыстау ауданы:Мектеп оқушыларымен жиын өтті
Маңғыстау ауданының имамы Таушанов Дархан Маңғыстау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу» атты мектеп оқушыларымен өткен жиналыста баяндама жасады.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтық білімдерін арттыра отырып, зиянды әдеттерге әуес болу,бопсалау, ұрлық жасау т.б. қылмыс түрлерінің зардабы туралы ақпарат беріп, алдын алу ережелерін ұсыну мақсатында өткен жиналыста аудан имамы «зиянды әдет» деп аталғанындай, бұл істерді істеу адам баласының дүние-ақыретіне үлкен зиян алып келетіндігін түсіндіріп өтті.