blog Images

Ел амандығы үшін Құрбандық шалынып,300 отбасыға ет таратылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен ел амандығы үшін 10 ірі қара мал құрбандық шалынды.

«Ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәттерде бабаларымыз құрбан шалып, Алладан медет сұраған. Қазіргі уақытта тасқын судың зардабы аймақтарды біраз әбігерге салып,көптеген азаматтар баспанасыз қалды.Мұндай қиын кезеңде құрбан шалып, көбірек истиғфар, салауат айтып Жаратқаннан медет, шипа сұрауымыз қажет» деп атап өтті облыс бас имамы.

Мешітте  мұқтаж отбасылардың қалдырған өтініш  тізімімен Алла үйінің қызметкерлері  садақа еттерін жергілікті көп балалы, аз қамтамасыз етілген, жарымжан және жетім-жесір 300 отбасыға үлестірді.

Алла тағала әрқашан баршамыздың қолымыздың ашық, жүрегіміздің мейірімді, бір-бірімізге жанашыр болуымызды нәсіп етсін!