«Нұр-Мүбарак» универститетінің шәкірттерімен кездесу өтті
» Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінде аталған университеттің Маңғыстау облысы бойынша білім алып жатқан шәкірттермен кездесу өтті.
Аталған кездесу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп өткізілді. Облыс бас имамы өз сөзінде:
Біз осы орайда «Жас маман, ауылға қадам бас, маман» жобасын жүзеге асырып келеміз. Осы бағытта жас діни мамандарды ауылға қызметке тартудың кешенді бағдарламасы әзірленуде. Мақсатымыз – ауылдағы мешіт жұмысын жандандыру. Ауылға діни қызметке баратын жас мамандардың әлеуметтік мәселесін толық шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Алла қаласа, қолға алған бұл жоспарымыз ойдағыдай жүзеге асады деген үміттеміз,-деді.
Облыс бас имамы бастаған Жаңаөзен ,Бейнеу ,Қарақия ,Мұнайлы ,Маңғыстау аудан бас имамдары шараға қатысып, шәкірттерді елге қызмет етуге шақырды. Шәкірттер оқуды тәмамдаған соң жұмысқа тарту бойынша ұсыныстармен бөлісіп, келген қонақтар түлектердің толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.