blog Images

«Бұрғылау»мекемесі тарапынан мешіт имамына баспана табысталды

Рамазан айы құрметіне біраз жылдан бері дін жолында қызмет қылып келе жатқан Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылдық » Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің бас имамы Бекбаев Бералы Жалғасұлына «Бұрғылау» мекемесі тарапынан  5 бөлмелі баспана табысталды.

Қуанышты шараға қатысқан мешіт имамдары  пен жергілікті қариялар ауыл имамын жаңа қонысымен құттықтап, сөз сөйлеп, өздерінің ақ тілектерін жеткізді.