blog Images

«Шаңырақ мешіті»:Эвакуацияланған 200 отбасыға көмек көрсетілді

Жаңаөзен қалалық»Шаңырақ»мешіті еліміздің бірқатар өңірлерінде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты, халықты эвакуациялау бойынша іс-шаралар жүргізілген болатын. Жаңаөзен қаласына келген құлсарылық ағайындарға 200  отбасыға арнап ыстық тамақтар әзірленіп таратылды.

Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!