blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Айт мерекесіне орай 100 бүлдіршінге тәттілер үлестірілді

Бүгін отыз күн ораза ұстаған барша мұсылманның Ораза Айт мерекесі. Ислам күнтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күніне тура келетін бұл мереке бір ай ораза ұстаған жамағаттың игілік пен бақыт, рахымға жеткенінің бейнесі іспетті аталып өтіледі.

Айт мерекесіне орай Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» мешіті ұйымдастыруымен  100 кішкентай бүлдіршінге мешіт тарапынан тәттілер сыйлықтары таратылды.Атап айтсақ ,қалалық мешіт жанындағы қарилық медресе шәкірттеріне сыйлық пен қоса шәкіртақы табысталды.

Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі арнайы мектепте оқыйтын жандарды да ұмыт қалдырмай бастауыш сынып оқушыларына тәттілер қоржынан үлестірілді.

Құлсары қаласынан Жаңаөзен қаласына уақытша қоныстанған сегіз отбасының жиырма баласына айт күнімен құттықтап сыйлықтарымызды беріп қуанттық.

Жаңаөзен қаласындағы мұнайшы мәдениет үйінің қасындағы ойын алаңындағы балаларға және трк Жаңаөзен Арбат, Зиба секілді кішкентай бүлдіршіндерді айт мерекесімен құттықтап ,сыйлықтар таратылды.

Еліміздегі және әлемдегі барша мұсылман жұртшылығын ораза айт күнімен құттықтаймыз!