blog Images

«Сайын Шапағатов» мешіті:Ораза Айт намазы оқылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде бүгін Ораза Айт намазы оқылды.

Мешіт имамдары құлшылық үйіне жиналған қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды. Намаздан кейін имам құтпа оқып, көпшілікпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Сонымен қатар,қасиетті Рамазан айында тарауық намазын жүргізген қариға құрмет көрсетіліп,қазақы дәстүр бойынша шапан жабылды.Жамағат алғыстарын айтып,мешіт жамағаты белсенділерін марапаттап сыйлық берілді.