blog Images

«Сайын Шапағатов» мешіті:Бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» үлестірілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде 100 бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» үлестірді.

Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндерге  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді. Мұндай ерекше сыйлық жүз баланың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.