blog Images

Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешітте Айт намазы оқылды

Бүгін Жаңаөзен каласына қарасты барлық мешітте Айт намазы өткізілді. Айт намазға арнайы қала әкімі келіп ,жиналған жамағатты кіріп келген Айт мерекесімен құттықтап ізгі тілектерін білдірді.

Мешіт имамдары құлшылық үйіне жиналған қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды. Намаздан кейін имам құтпа оқып, көпшілікпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.