Қарақия аудандық мешіті «Рамазанда бір тал ек» жобасына үн қосты
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Қарақия аудандық мешіті жамағаттармен біргелікте сенбілік ұйымдастырып,мешіт ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай өткен сенбілікте жамағатпен бірлесе отыра құлшылық үйінің ауласына 20 дан астам жеміс ағаш отырғызылды.


