blog Images

ҚАДІР ТҮНІ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Бүгін – күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.Биыл Маңғыстау облысына қарасты мешіттерде Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазында ай бойы Құран хатымы оқылған болатын.Мыңдаған мұсылман жамағаты бір үйдің баласындай бірлікпен сап түзеп, тарауих намазын оқып болғасын,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Қадір түні соңғы парасы оқылып, дұғасы жасалды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды мың айдан да қайырлы түнінің келуімен құттықтап,ел амандығы үшін,су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін , келесі жылғы рамазанға аман-есен жетуі, иманның толуын сұрап,  жамағатпен бірге дұға етті.

Хатым түсірген қариға құрмет көрсетіліп, еңбегі үшін жамағат алғыс айтып,Умра сапарына жолдама тарту етілді.