Ақшұқыр ауылдық мешіті:Дәстүрлі садақ атудан дәріс өтті
Дін мен дәстүрді ұштастыра білу мақсатында Ақшұқыр ауылдық Асар Ата рухани білім беру орталығы шәкірттері арасында дәстүрлі садақ ату үйірмесі болып өтті.
Ибн Әл-Қайим былай дейді: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы». Әділетті халифалардан болған Омар бин Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген. Имам Мүслімнен келген бір хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтыпты:
أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ
«Расында, күш – садақ атуда».
Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі садақ ату спорты жастар арасында қарқынды дамып келеді. Садақ ату спорты жастарды шымырлық пен мергендікке үйретеді.