blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үлес қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Жанашыр жамағаттың қолдауымен өткен қайырымдылық шарасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 30  отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдірді.