«Әбіш қожа» мешіті:Әйелдер арасында интеллектуалды сайыс өтті
Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел жамағаты арасында “Ниса Квиз” интеллектуалды-логикалық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа 35 адам, 7 топ қатысты. Ойын сұрақтары діни,логикалық және дәстүр бағытында болды. Бірінші орынға 2 топтың балдары бірдей түсіп, 2 топқа да 1 ші орын берілді.
“Аль-Маруа” тобы — 1 орын (40 000тг)
“Медина” тобы — 1 орын (40 000тг)
“Тасним” тобы — 3 орын (20 000тг)
“Фирдаус” тобы — 4 орын (10 000тг)
Және әр топтан үздік ойыншы анықталып, “ең үздік ойыншыға” сыйлық берілді. Барша қатысқан қатысушыларға сыйлық таратылды.