Дүкендердегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің аумағында орналасқан діни дүкендердің кітаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын облыстық орталық Бекет ата мешітінің наиб имамы Серіжан Аудабаев,Іздібай Бегенұлы тексеріп, зерделеді.
Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі – дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.
Сондай-ақ, діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.