Жазасын өтеуші 200 азаматқа ауызашар берілді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №7,№43 түзету мекемелерінде ораза тұтқан жазасын өтеуші азаматтарға ауызашар дастарқаны жайылды.
Ауызашарда облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаев сотталғандармен сөйлесіп, уағыз айтты. Діни қызметкер қасиетті оразаны сақтау негіздері туралы әңгіме өрбітті. Жазасын өтеп жатқан азаматтар қызығушылықпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып жауап алды. Кездесу соңында имам істі болған азаматтарды түзу жолға түсуге шақырып, оларға туыстары мен жақындарының арасында тезірек оралуына тілектестік білдірді.