blog Images

“Бабалар ізімен”кітабының танытымы өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға Маңғыстаулық белсенділер,жастар қатысты.Облыс бас имамы өз сөзінде:”Бабаларымыз ұстанған сара жолды насихаттаудағы басты мақсатымыз – келешек ұрпағымызға ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу.Дәстүрлі танымдарды насихаттау мақсатында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын насихаттау облыс көлемінде жыл бойы жалғасатын болады”,-деді.