blog Images

Бүлдіршіндер арасында Жарапазан айтудан жарыс өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Рамазан айына орай Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде балалар арасында “Жарапазан” айтудан жарыс өтті. 

«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі.Осы ретте игі дәстүрімізді   насихаттау үшін өткен жарыста 1-орынды Кулданбай Омар, 2-орынды Нұралы Мансур, 3-орынды Аскербай Ибраһим жеңіп алды . Жеңіпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.Жарысқа қатысушылардың барлығына “Рамазан тәттісі” сыйға берілді.