blog Images

«Рамазан қоржыны» жобасы Қызылтөбе ауылында жалғасты

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде жанашыр жамағаттың ұйытқы болуымен “Рамазан қоржыны”  қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.

Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!