Әйел-қыздар секторы:”Исламдағы бала тәрбиесі” атты семинар өтті
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Исламдағы бала тәрбиесі” атты семинар өтті.
Семинардың алғы сөзін бастаған Маңғыстау облысының әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Пайғамбарымыз Мухаммедтің ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бала тәрбиесіне қатысты хадистеріне тоқталып, Исламдағы жанұя тақырыбында насихат айтты . Семинарға арнайы шақырылған психолог маман Сандуғаш Сүндетқызы “Баламен бақытты қарым қатынас құру ” тақырыбында тренинг жүргізді. Сандуғаш Сүндетқызы баланың жас ерекшеліктеріне байланысты мінез құлықтарындағы өзгерістерге , баламен қарым- қатынастағы қиындықтарды атап өтіп, дұрыс қарым қатынас жасаудың жолдарына тоқталды. Семинар соңында мамандар жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.

