blog Images

“Әбіш қожа” мешіті:Әйелдер арасында семинар өтті

Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде « Ихсан және насихат»бағыты аясында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Жан тыныштығы”атты кең көлемді уағыз-насихат семинары өтті.

Семинарды Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген Шымкент қаласындағы Байғут баба мешітінің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы жүргізді.Аталған шараға 100-ден астам қыз-келіншектер қатысты.Гүлжан Нұрланқызы жиналған әйелдер қауымына әрдайым көркем мінезді болуға,ислам ұсынған көркем мінез үлгілерін бойымызға сіңіруімізді,ізгі амалдар жасауға шақырып,өзіңің тұщымды насихаттарымен ой бөлісті.