blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде үстел теннисінен спорттық сайыс өтті

Маңғыстау облысы, Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында үстел теннисінен спорттық жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мешіт жамағатының бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Дүбірлі дода барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осындай спорттық шаралар жамағат арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, бірлік пен татулықты арттыруға ықпал етеді.