blog Images

«Қосай ата» мешітінде тазалық пен қысқы дайындық жұмыстары пысықталды

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде жұма күні мешіт қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиын барысында мешіттің күнделікті жұмыстары талқыланып, әр қызметкерге өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау, тазалық мәселесін үнемі назарда ұстап, мешіт аумағының таза әрі ұқыпты болуын қадағалау тапсырылды.

Сонымен қатар қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп, мешіттің жылу ошақтары жағылып, тексерілді. Бұдан бөлек, асхана құрылысы жалғасып, алдағы Рамазан айында ауызашар ұйымдастыруға қажетті қазан-ошақ орнын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар мешіттің қызметін жүйелі ұйымдастыруға, қысқы маусымға дайындықты пысықтауға және алдағы Рамазан айына қажетті жағдайларды әзірлеуге бағытталған.