blog Images

Сайын Шапағатов мешітінің имамы мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесті

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің имамы Арман Азанқұлұлы Сайын Шапағатов ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен «Отбасылық тәрбие және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында мешіт бас имамы ҚМДБ-ның «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамалық құжатын таныстырып, оның негізгі бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбиені дәріптеу, ата-анаға құрмет көрсету және ұрпақ тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызы жөнінде насихат айтты.

Тағылымды кездесуде отбасының қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.