blog Images

Маңғыстау имамдарының қатысуымен қашықтықтан (онлайн) жиналыс өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен өңірлік мешіттерлің имамдарына арналған онлайн форматтағы жиналыс өтті.

Жиында діни-ағарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ас беру мен той өткізу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынды Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жүргізіп, бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, ҚМДБ тарапынан әзірленген «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжатын мешіт жамағатына кеңінен түсіндіру және осы бағыттағы насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар мешіттердегі діни оқу-ағарту бағыты бойынша кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білім сайыстарын ұйымдастыру және жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Жиын барысында ҚМДБ ұйымдастырып жатқан «Рухани кітап айлығы» байқауы туралы ақпарат беріліп, мешіттерде осы бастаманы насихаттау қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, той өткізу мәдениетін қалыптастыру, той-томалақтағы әдепсіздіктің алдын алу және құдайы ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу тақырыптарында мешіттерде семинарлар өткізу тапсырылды.

Жиын соңында облыс бас имамы берілген тапсырмалардың орындалуы мен аталған бағыттар бойынша насихат жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызын атап өтті.