blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде жаңа бас имам қызметке тағайындалды

Түпқараған ауданы Ақшұқыр аудандық мешітіне жаңа бас имам қызметке тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен мешіт жамағатына таныстырып, жаңа бас имамға қызметіне сәттілік тілеп, жауапты жұмысына ақ жол тіледі.

Бұған дейін мешітте наиб имам қызметін атқарып келген Абдуғаппар Абдуқадірұлы енді мешіттің бас имамы ретінде діни қызметін жалғастырады.

Жиын барысында Ақшұқыр ауылдық мешітінде бұған дейін бас имам қызметін атқарған Ғабит Абдуғаппарұлына мешіт жамағаты алғысын білдірді. Жамағат атынан иығына шапан жауып, ел игілігі жолындағы еңбегіне ризашылықтарын жеткізіп, алдағы қызметіне береке тіледі.

Мешіт жамағаты жаңа бас имам Абдуғаппар Махсутовқа қызметінде табыс тілеп, мешіттің діни-ағартушылық жұмыстарының одан әрі жандануына ізгі тілектерін білдірді.