Қарттар күніне орай 60 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
1 қазан – Қарттар күніне орай Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Игі іс барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 60 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Қайырымдылық – адамды ізгілікке үндейтін сауапты амалдардың бірі. Мұндай игі бастамалар арқылы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділік құндылықтары дәріптеледі.
Қарттарымыздың қадірін біліп, үлкенге құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге. Қарияларымыз аман болып, әр шаңырақта береке мен бірлік орнасын!
