blog Images

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығуы барысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Ел тыныштығы мен Отан қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарған азаматтардың қазасы – орны толмас ауыр қаза.

Алла Тағала марқұмдардың күнәларын кешіріп, рақымына бөлесін, қабірлерін нұрлы етіп, жәннаттан орын нәсіп етсін.

Қайғыдан қан жұтып отырған ата-анасы, жұбайы, балалары мен барша жақындарына Алла Тағала сабыр, төзім және күш-қуат берсін.

Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, отбасыларына береке нәсіп етсін. Марқұмдардың имандары жолдас, жандары жәннатта болсын. Әмин!

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі
Маңғыстау облыстық орталық«Бекет ата» мешіті