«Ыбырайым ахун» мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун» мешітінде әйел жамағатына арналған тағылымды Мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Рухани кешке арнайы қонақ ретінде Түпқараған аудандық мешітінің ұстазы Динар Тағабекқызы шақырылды. Ұстаз жамағатқа ардақты Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған тағылымды өсиеттері жайында насихат айтты.
Кездесу барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолынан ғибрат алу, оның сүннетін берік ұстану, отбасы мен қоғамдағы ізгі қарым-қатынастың маңызы жөнінде тағылымды әңгімелер қозғалды.
Мәуліт кеші әйел жамағатына рухани азық сыйлап, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өнегелі ғұмырын тереңірек танып, сүннетін өмірге үлгі етуге үндеген мәнді басқосуға ұласты.