«Бір айда-бір кітап» жобасы:Облыстық мешітте білім сайысы өтті
«Бір айда-бір кітап»жобасы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Пайғамбарымызды танисыз ба?» кітабы бойынша білім сайысы өтті.
Тағылымды шараның мақсаты – жамағаттың ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)туралы білімін арттырып, діни сауаттылықты насихаттау.
Білім сайысына белсенді қатысқан жамағат өз білімдерін сынап, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
1-орын — Битеуов Рахымжан (100 000 теңге) 2-орын — Мусина Гүлназ (70 000 теңге)
3-орын — Жансая (50 000 теңге)
4-орын — Тауманов Айбар
Демеуші: DREAM SMILE тіс емханасы
5-орын — Бақытжан Қыватпай
Демеуші: DREAM SMILE тіс емханасы
6-орын — Мизамбай Абдул Сабыр
Демеуші: DREAM SMILE тіс емханасы
7-орын — Толжанов Руслан
Демеуші: MUSLIM SHORT AKTAU ерлер киім дүкені.
Жарыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірі мен өнегесіне қатысты білімдерін ортаға салды.
Игі шараның өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерге,атап айтқанда, Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығына ерекше алғыс білдіреміз.
Жарыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алған білімдерінің игілігін көруге тілектестік білдіреміз.
