blog Images

Түпқараған ауданында Мәуліт кеші өтті

Түпқараған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.ғ.с) туған айына орай «Сүйікті Пайғамбарымыз – үмбетке өнеге» атты тағылымды Мәуліт кеші өтті.

Жиынға мешіт имамдары,зиялы қауым өкілдері,мешіт жамағаты қатысты.

Рухани кешке Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында насихат айтты.

Кеш барысында Пайғамбарымыздың өмір жолын дәріптейтін Мәуліт жырлары оқылып, тәрбиелік мәні зор қойылымдар көрсетілді. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеген домбырашылар жыр орындап, рухани кештің мазмұнын аша түсті.

Сондай-ақ облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ арнайы Мәуліт жырын оқыды.

Тағылымы мол кеште Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмыры мен адамзатқа қалдырған асыл қасиеттері кеңінен насихатталып, жамағатқа рухани әсер сыйлаған мазмұнды басқосуға ұласты.