«Шаңырақ»мешітінде рухани танымдық семинар өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің жамағатына рухани білім мен діни сауаттылықты арттыру мақсатында тағылымды семинар ұйымдастырылды.
Мешіт жамағатына арналған«Мәселе білімде емес» атты семинар өтті. Семинарды Түпқараған ауданының бас имамы Бежен Серікболат жүргізді.
Кездесу барысында білімнің адам өміріндегі маңызы ғана емес, алған білімді жүрекпен қабылдап, оны амалға айналдырудың қажеттілігі кеңінен сөз болды. Адамның рухани кемелденуі, жүрек тазалығы, жақсы амалдың маңызы және білімнің мінез-құлық пен өмір салтынан көрініс табуы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Семинар барысында жамағатқа пайдалы насихаттар айтылып, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерге діни тұрғыдан қараудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, адамның өз-өзіне есеп беруі, жүрегін рухани дерттерден тазартуы және ізгі амалдарға ұмтылуы жөнінде құнды кеңестер берілді.
Жиын соңында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, имаммен пікір алмасты.
