blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде Құранға түске 25 шәкіртке тәж кигізу рәсімі өтті

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде Құран Кәрімді оқып, қасиетті Қүранға түскен жас болашақ қари қыздарға арналған тәж кигізу рәсімі өтті.

Тағылымды шара барысында 25 қыз Құранға түсіп, олардың қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігі мен ізденісі ерекше атап өтілді. Жас шәкірттерге құрмет көрсетіліп, тәж кигізілді.

Шараға қатысушылар жас қыздардың алдағы уақытта Құран ілімін терең меңгеріп, қоғамға пайдалы, иманды да білімді азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Құранға қызмет ету – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Алла Тағала жас болашақ қариларымыздың ілімін берекелі етіп, Құран жолындағы қадамдарын нәсіп етсін!