blog Images

«Әл-Хаким»мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына орай Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Тағылымды жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысып, жамағатқа ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ, «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Мұратқали ұстаз Мәуліт жырын оқып, жамағатқа рухани әсер сыйлады.

Кеш соңында жиналған жамағат ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі ғұмырынан тағылым алып, рухани кештің мән-маңызына тоқталды.