«Ыбырайым ахун» мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына орай рухани Мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Тағылымды кешке арнайы қонақ «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы қатысып, жамағатқа Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды насихат айтты.
Кеш барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті дәріптейтін Мәуліт жырлары оқылып, жиналған жамағат рухани әсерге бөленді.
Мәуліт кеші жамағаттың рухани бірлігін арттырып, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмырын ұлықтаған тағылымды басқосуға айналды.
