«ЗИЯТКЕР ИМАМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы Маңғыстау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен “Зияткер имам-заман талабы” атты облысқа қарасты имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді.
Дін қызметкелеріне арналған Құран,Фиқх,Ақида,Тәжуид,ҚМДБ құжаттары бойынша біліктілікті арттыруға бағытталған семинарда ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі,ұстаз Дінмұхаммед Сманов,Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы дәріс оқыды.
Сондай-ақ,жиын барысында дін қызметкерлерінің заман талабына сай жұмыс жасауы,діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, діни ағартушы маман болуы турасында сөз қозғалды.Семинар соңында имамдар өз тараптарынан сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.






