blog Images

«Ас беру мәдениеті және оның тәртібі» құжаты негізінде семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде ҚМДБ-ның «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжаты негізінде өңір кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы аталған құжаттың мазмұнын таныстырып, құдайы ас берудің тәртібі мен негізгі талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ ас мәзіріне ұсынылатын тағам түрлері, дастарқан жаю мәдениеті және ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығы жөнінде кеңінен баяндады.

Өз кезегінде өңір кәсіпкерлері тақырыпқа қатысты пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарымен бөлісті. Кездесу барысында құжат талаптарын жүзеге асыру және құдайы ас беруде қарапайымдылық пен үнемшілдікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.