blog Images

«Жыңғылды» мешітінің ұйымдастыруымен дзюдодан аудандық жарыс өтті

Маңғыстау ауданына қарасты «Жыңғылды» мешітінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай дзюдо күресінен 2012 және 2013жылғы кіші жасөспірімдер арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды.

Білектің күшімен өзара  сайысқа түскен жасөспірімдер өз мүмкіндіктерін мүлт жіберместен, белсенділік көрсетті.Жарыс өз деңгейінде өтіп, әр салмақтан үздік шыққан  жасөспірім балуандар марапаттарға ие болды.