Жетібай ауылында «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсы аяқталды
Жетібай ауылдық Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы мешітінде балаларға арналған «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Курс барысында бүлдіршіндер Құран әліппесін үйреніп, имандылық пен әдеп сабақтарын меңгерді. Қыз балаларға тәлімді ұстаз Мұхаммедибрахим Балжан Асадуллақызы, ал ұл балаларға ұстаз Қалыбаев Есбол Бегалыұлы дәріс берді.
Оқуды сәтті тәмамдаған шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, ата-аналар ұстаздарға алғыс білдірді. Мешіт ұжымы балалардың имани тәрбиесіне үлес қосып жүрген барша жандарға ризашылығын жеткізді.


