blog Images

«Жат ағымның алдын алу » тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Прманов Руслан Қарақия аудандық кәсіптік колледжінің студенттерімен «Жат ағымның алдын алу » тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Студенттер бас қосқан жиында шәкірттер тарапынан да сауалдар қойылып, оларға имам толыққанды жауап берді.