blog Images

«Жасыл ел» еңбек жасағына Құрбандық еттері үлестірілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде Құрбан айт мерекесі қарсаңында жас өрендерден құралған «Жасыл ел» еңбек жасағындағы 50 балаға  Құрбандық еттері үлестірілді.

«Жасыл ел» еңбек жасағы мектеп жасындағы оқушы жасөспірімдерден құралған тазалықшылар тобы.Ата-аналарына қолғабыс етіп,көмектесу мақсатында жазғы маусымдарда  жасөспірімдер қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады.