ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен, ұлы ойшыл Хәкім Абайдың 180 жылдығына орай жасөспірімдер арасында облыстық Құран сайысы өтті.
Жас қарилар Құранды жатқа және тәжуид ережелерімен көркем оқу арқылы өз білімдері мен қабілеттерін паш етті.Сайысқа қатысушы шәкірттердің ең кішісі-6жас,ең үлкені-14жаста. Қазылар алқасы әр қатысушының қателіксіз, мәнерлі әрі жүрекпен оқуына айрықша мән берді.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
- І орын – Құралбай Мұхаммед, 6 жас (Орталық «Бекет ата» мешіті) – 300 000 теңге
- ІІ орын – Елубай Абдурахман, 10 жас (Ақшұқыр медресесі) – 200 000 теңге
- ІІІ орын – Жолдас Дастан («Миғраж» мешіті) – 100 000 теңге
Шара соңында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құран жаттауды мақсат тұтқан болашақ қарилардың ата-аналарына зор алғыс білдіре келе, сабырлық пен табандылық қажет екенін тілге тиек етті.
Құран сайысының өтуіне қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға, Маңғыстау қажылар қауымдастығына зор алғыс айтамыз!






