“ЖАРАПАЗАН-ЖЫРДЫҢ ТӨРЕСІ” АТТЫ ЖАРАПАЗАН АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде “Жарапазан-жырдың төресі” атты балалар арасында жарапазан айтудан сайыс өтті.
«Дін мен дәстүр»бағыты аясында исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру бағытында өткен шараға 4жас пен 13 жас аралығындағы жиырма бала қатысты.«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі.Игі шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысушы бүлдіршіндерді Рамазан айымен құттықтап, дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылып отқан шараның маңызы жайлы айтты.
Сайыстың нәтижесі бойынша І- орынды Қызырхан Ақкербез алса, ІІ- орынды Ізімбай Ахмет, ІІІ- орынды Әлібекұлы Бейбарыс,ал IV-орынды Нұралы Мансұр иеленді.Жеңімпаздарға марапаттаумен қатар қаржылай сыйлықтар табысталды.Сондай-ақ,барша қатысушы бүлдіршіндерге ынталандыру мақсатында “Рамазан тәттілері” үлестірілді.






















