ЖАНТ мүшесі түзету мекемесінде насихат айтты
Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхаммед Шындәулетұлы ҚАЖД №77 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам «Әһлі сүннет уәл-жамағат – орта жолды ұстанғандар» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, исламның дәстүрлі жолы – әділдікке, сабырға және мейірімге негізделгенін түсіндірді. Ол діннің шынайы мәні – бірлік пен ынтымаққа шақыру екенін атап өтіп, қоғамға зиянды жат ағымдардан сақтанудың жолдарын жан-жақты баяндады.
Сондай-ақ, Дінмұхаммед ұстаз әрбір мұсылманның дұрыс сенім ұстанып, амалдарын ықыласпен орындауы – иманның беріктігіне дәлел екенін жеткізді.